Денсаулық

Алматыда перзентханадағы ана өлімнен кейін 4 адам қызметтен шеттетілді

  • © riafan.ru

    © riafan.ru

Перзентханадағы өлімнен кейін 4 адам қызметінен шеттетілді. Алматының №1 перзентханасында бір апта бұрын көпбалалы ана көз жұмған еді. 27 жастағы келіншектің іш қуысына қан кетіп, оны дәрігерлер шұғыл түрде кесар тілігі арқылы босандырып алған.


Шақалақ аман-есен, ал өзін ақ халаттылар құтқара алмапты. Артында үш баласы қалған марқұмның туыстары өлімге дәрігерлердің салғырттығы себеп деп отыр. Олар наразылықтарын әлеуметтік желіге жариялаған. Қазір осы жағдайға байланысты комиссия құрылып, қызметтік тексеріс басталды.


Әсел Бейсенбаева, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:


- Периниталдық орталықтың қызметкерлері тиісті медициналық көмекті көрсеткен. Бірақ келіншекті аман алып қалу мүмкін болмады. Кешенді тексеру жұмыстары басталды. Комиссия құрамына республикалық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті кірді. Тексеріс қорытындысы полиция департаментіне жеберілетін болады.


 ktk.kz




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 10:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31