Денсаулық

Алматыда пластикалық отадан тағы бір әйелдің көз жұмғаны белгілі болды

  • © Yvision.kz

    © Yvision.kz

Алматыда майын алғызбақ болған әйел көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты.


Қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда болған.


44 жастағы Ж. Рахманова «Москва Делюкс» ЖШС емханасында алдыңғы іш қабатының, қос бүйірінің, жамбасының майын алғызу үшін ота үстеліне жатқан. Әйелге отаны аталған емхананың басшысы, хирург Роман Алферов жасаған. Әйел отадан соң қайтыс болған.


Қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті аталған дерекке байланысты тексеруді жақында бастады.


«2018 жылдың 4 қазанында Алматы қалалық полиция департаментінен 2017 жылдың 9-10 желтосқан аралығында «Москва Делюкс» ЖШС емханасында болған қайғылы оқиға дерегін тексеру туралы хат келіп түсті», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.


Полиция адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.


«Қазіргі таңда тергеу басқармасы ҚР ҚК 317-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Операцияны «Москва Делюкс» ЖШС жекеменшік емханасының хирургы Алферов Роман жасаған. Бүгінде тергеу басқармасы арнайы тағайындалған сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Полиция медициналық көмек сапасын бақылау департаментіне хирург Алферов Романға қатысты шара қолдануды сұрап хат жіберді», - деді полиция Департаментінің баспасөз қызметінен.


Айта кету керек, бұл Алматыда соңғы екі жылда тіркелген үшінші жағдай болып отыр.


Бұған дейін украина азаматшасы Дана Агамурадова Алматыда іш майын алғызу үшін липосакция жасатпақ болып жекеменшік емханалардың бірінде ота жасатқан. Отадан соң 6 сағат өткенде Дана есін жимастан көз жұмған.


Дәрігерлердің айтуынша, пациент май түйіршіктері өкпе тамырларын бітеп қалған соң көз жұмған.


Отаны жасаған пластикалық хирург Дмитрий Писарев қазір сот алдында жауап беріп жатыр. Дәл осы хирургтың қолынан биыл қарашада тағы бір әйел көз жұмды. 30 жастағы Лаура Ізбасарова пластикалық ота жасатып, омырауын тарттырмақ болған.


Бұл қылмыстық оқиғаны да полиция тексеруге алды.


 




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.10.2018, 22:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30