Денсаулық

Алматыда сауда орталықтары мен базарларда екпе жасалмақ

  • https://iz.ru/

    https://iz.ru/

Алматыда коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстарын жеделдету үшін базар мен сауда орталықтарын да қамту көзделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Адам көп жүретін орындарда арнайы кабинеттер жасақталады. Вирусқа қарсы екпе осы жерде салынуы тиіс.

 

Алматылық санитарлар жаңа жобаны қолға алды. Тұрғындар арасында коронавирусқа қарсы екпе алғандар санын көбейту үшін қосымша кабинеттер ашылмақ.

 

«Олар қаладағы адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен базарларда болады», - дейді мамандар.

 

Бірақ бастаманың қашан жүзеге асырылатыны әзірге белгісіз.

 

Садуақас Байғабылов, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

 

- Бұл мәселе қазір зерттеліп жатыр. Сауда орындары мен базарлардың инженерлік желілері тексеріледі. Одан кейін үш бөлмеден тұратын екпе кабинеттері жасақталады. Яғни, адамды екпе алдында тексеру, екпе жасау, екпеден кейінгі бақылау кабинеті болуы керек. Оған қоса, вакцинаны сақтайтын мұздатқыштар да қарастырылады.

 

Вакцинаны емханада ғана қабылдап үйренген тұрғындардың көбі бұған қарсы. Өйткені аса жұқпалы аурудың алдын алатын екпе санитарлық тазалығы талапқа сай жерде жасалғаны жөн.

 

«Әрі екпеден кейін дәрігердің бақылауы да маңызды», - дейді тұрғындар.

 

Блиц 1: - Поликлиникада салынуы керек негізі. Себебі, таза орындарда салынуы тиіс уколдың барлығы.

 

Блиц 2: - Мен де медицина саласында жұмыс істеймін. Сондықтан да айтарым, вакцинаны қоғамдық орындарда салған дұрыс емес. Өйткені вакцина алатын адам алдын ала тексеріліп, вакцинадан кейін де дәрігердің бақылауында болуы керек.

 

Блиц 3: - Санитарлық тазалық болса, онда сала беруге болады. Ресейде салады ғой сауда орталығында, поликлиникада да сол сияқты ғой.

 

Қаланың санитар мамандары болса, базар мен сауда орталықтарындағы екпе кабинеттері барлық талапқа сай жасақталады деп отыр. Бүгінге дейін екпе жұмыстарының алғашқы үш кезеңінде 15695 адамға вакцина егілген.

 

 

 




Көрілген: 805    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 21:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31