Денсаулық

Алматыда вакцина алғандарды қалай анықтайды

  • Алматыда вакцина алғандарды қалай анықтайды

    Алматыда вакцина алғандарды қалай анықтайды

Белгілі бір салаларда қызметкерлердің вакцина алғаны кадр бөлімі арқылы тексерілетін болады. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тексеруді аурухана эпидемиологтарының өздері жүргізеді, бізде де бақылау пункттері бар. 15 шілдеден кейін мониторингтік топтардың жұмысы бас санитариялық дәрігердің барлық контингентті вакциналау туралы 31-ші қаулысының орындалуын бақылауға бағытталады. Әрине, ішінара тексерістер болады», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол қызметкерлердің вакцина алғанын немесе алмағанын қалай тексеруге болатынын айтты.

«Кез келген мекеменің кадр бөлімі бар, қызметкерлердің тізімі бар, мәліметтер базасын қарауға болады. Барлық қызметкерді жеке тексеру болмайды, жұмыстарына кедергі жасалмайды. Цифрлық технологияларымыз бұл жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның айтуынша, егер бір компанияның елдің бас санитариялық дәрігерінің бұйрығын орындамайтыны анықталса, онда оның жұмысын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады. Бірақ алдымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.




Көрілген: 834    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 01:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30