Денсаулық

Алматыдағы балалар ауруханасында 3 сағат кезек күткен ата-аналар шу шығарды (фото, видео)

  • © KAZ.NUR.KZ

    © KAZ.NUR.KZ

Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміндегі ұзын-сонар кезек ата-аналардың ашуын туғызды. Бұқар жырау мен Манас көшелерінің қиылысындағы ауруханаға келушілер сырқат балаларымен бірге дәрігердің қабылдауын сағаттап күтуге мәжбүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жедел жәрдем арқылы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген сәбилер дәрігердің қабылдауына кіру үшін кемінде үш сағат күтеді.

Мұнда сырқат балаларды қарауға арналған 14 бокс (кабинет) бар. Алайда, 14 бокс пен сәт сайын көбейіп жатқан балаларды қарауға небәрі 4 дәрігер бөлінген.

Алматылық Әсем Тұрғанбаеваның үш айлық сәбиімен кезек күткеніне үш сағаттан асқан. Өкпесі сырылдып, тамақ ішпей, әбден мазасызданған баланы жедел жәрдем бірден ауруханаға әкеледі. Бірақ дәрігерлер сәбиді үш сағаттан соң қабылдады.

"Мұндай сұмдық қай елде бар? Қаладағы Денсаулық сақтау басқармасы не тындырып отыр? Үш айлық ұлымның өкпесі сырылдап, мазасы қашып, қызуы көтеріліп тұр. Ал менің кезек күткеніме екі жарым сағат болды. Бір кабинет босап, сонда кіргізіп жіберген. Бірақ бөлмеге кірген соң да дәрігерді бір сағаттай күттім. Бұл не масқара? Неге ешқандай жүйе жоқ?", - дейді ашынған Әсем.
Ал Эльмира Телеуова дене қызуы жоғарылаған қызымен бірге ауруханада таңнан бері жүр. Дәрігерлердің жетіспеушілігінен сырқат сәбиді төрт сағаттан аса уақыт бойы қабылдамаған.

"Мен мұнда таңнан бері жүрмін. Қызымды дәрігерлер қарамайды. Сағаттап күтуден шаршадым", - дейді ол.

Мүлде жылжымайтын ұзын-сонар кезектен балалар ғана емес, ата-аналар да шаршады.

Олар аурухана қызметкерлеріне дауыс көтеріп, шу шығарып, ақ халаттылар санын көбейтуді сұрады. Ал қызметкерлер болса, қолдан келер қайран жоқтығын айтып, барлық мәселені басшылыққа жеткізіңдер деумен шектелді.

"Ауруханадағы кабинеттер саны үлкейгенімен, штат сол қалпында қалған. Штат аз. Кадр жетпейді. Сол себепті, дәрігерлерге кінә тағудың қажеті жоқ. Бар мәселені басшылыққа, тіпті, денсаулық сақтау министрлігіне айтыңдар", - дейді атын атамауды өтінген аурухана қызметкерлерінің бірі.
Қабылдау бөлімінде талон тарататын Рано есімді медбике де штаттағы қызметкерлердің түгел жұмыста екенін, адам санының аздығынан осындай жағдайлар кездесетінін айтады.

 




Көрілген: 301    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 17:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31