Денсаулық

Алматыдағы ұжымдардың вакцинациясы 15 шілдеден бастап тексеріле бастайды

  • https://www.inform.kz/kz

    https://www.inform.kz/kz

15 шілдеден бастап Алматы кәсіпорындарында ұжымдардың вакцина салдыруы тексеріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін белсенді түрде вакцинациялау маңызды.

 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қаланың вакцинация орталықтарында коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тиімді вакциналардың саны жеткілікті.

 

"Біз коронавирустың қарқынды өршуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Қала әкімдігі, медициналық қоғамдастық, санитарлық қызмет жағдайды тұрақтандыру үшін бәрін жасауда. Алайда көп нәрсе мегаполис тұрғындарына байланысты, олар вакцина салдыруы тиіс. Бұл қауіпті вирустан қорғаудың және оған қарсы тұрудың жалғыз жолы", – дейді Бекшин.

 

Алматы қаласының бас санитар дәрігері қалалықтардың вакцинациялауды белсенді бастағанын атап өтті.

 

Сонымен қатар, оның айтуынша, жаңа қаулыға байланысты барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына вакцинация іске қосылған.

 

Жандарбек Бекшин 15 шілдеден кейін мониторингтік топтар жарлыққа сәйкес міндетті вакцинациялауды қажет ететін ұйымдардың барлық топтарын тексере бастайтынын баса айтты.

 

 

 




Көрілген: 2106    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 21:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30