Денсаулық

Алматылық дәрігер жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге не себепті екпе салу керек екенін түсіндірді

  • Алматылық дәрігер жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге не себепті екпе салу керек екенін түсіндірді

    Алматылық дәрігер жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге не себепті екпе салу керек екенін түсіндірді

Алматы қалалық №22-емхана бас дәрігерінің орынбасары Ақерке Жомарт аталған санаттағы азаматтар үшін вирустың дельта нұсқасы әлдеқайда қауіпті, сондықтан бірінші кезекте жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге екпе алу керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазірдің өзінде Pfizer вакцинасы арқылы 7300-ден астам жасөспірім, 700-ге жуық жүкті және 2400 бала емізуші ана коронавирусқа қарсы егілген.

 
Дәрігердің айтуынша, жасөспірімдер коронавирусты туыстарына, мұғалімдеріне жұқтыруы мүмкін.

Вакциналардың асқыну қаупі олар қорғайтын аурулардың асқыну қаупінен әлдеқайда төмен. Сондықтан балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналар оларды қорғаудан айырады, басқа оқушыларға қауіп төндіреді, инфекцияның одан әрі таралуына ықпал етеді.

Алматы қаласы №22-емхана бас дәрігерінің орынбасары Ақерке Жомарттың айтуынша, балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинаның нашар төзімділігін көрсететін шолулар жоқ.

Дәрігер жүкті әйелдерді дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында екпе орталығына келуге шақырды. Вакцинаны алу әйелді де, оның дүниеге келмеген баласын қорғау үшін де қажет.

Дәрігер бала емізетін ананың вакцинациясы балаға қауіп төндірмейтініне сендірді. COVID-19-ға қарсы егілген аналардың омырау сүтінде нәрестені инфекциядан қорғауға көмектесетін антиденелер бар.




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 20:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31