Денсаулық

Алматылық хирургтер 20 жыл бойы қант диабетімен ауырған зейнеткерді аяғынан тік тұрғызды

  • Алматылық хирургтер 20 жыл бойы қант диабетімен ауырған зейнеткерді аяғынан тік тұрғызды

    Алматылық хирургтер 20 жыл бойы қант диабетімен ауырған зейнеткерді аяғынан тік тұрғызды

Алматылық білікті хирургтер 20 жыл бойы қант диабетімен ауырған зейнеткерді аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

78 жастағы Күләш Сағындықованың ауруы асқынғандықтан, аяғын кесу ең соңғы амал деп саналған. Алайда білікті дәрігер Талғат Тәжібаев науқасты дәрімен де, жылы сөзімен де емдеп жазды.

Зейнеткер Күләш Сағындықованың дерті асқынып, үш ай бұрын оң аяғының саусағы іріңдейді. Анасының ахуалына алаңдаған қызы Бота Сағындықованың бармаған емханасы, шағымданбаған дәрігері қалмайды. Барлығы науқастың аяғын кесу керек деген сөзді ғана естиді. Қанша күйзелсе де, үмітін үзбеген балалары әлеуметтік желі арқылы білікті хирург Талғат Тәжібаев туралы естіп біледі. Сөйтіп Күләш апаны дәрігерге көрсетеді. Операция сәтті жасалады.

Күләш Сағындықова, зейнеткер: &ndash Талғатқа алғысым шексіз. Қазір жақсы болдым. Аяғым жақсы, жазылып келе жатыр. Ерінбейді, күндіз де, түнде де келіп жатыр.

Аяқтың созылмалы ишемиялық ауруына шалдыққандар көп дейді дәрігерлер. Яғни, тамыр өзегі 70 процентке тарылғандықтан аяқтағы қан айналымы нашарлайды. Оған некроз, қант диабеті, артериалды гипертензия ауруларымен қатар дұрыс тамақтанбау, шылым шегу сынды факторлар себепкер болуы әбден мүмкін. Ал зейнеткерге бұл операция эндоваскулярлық аппараттың көмегімен жасалған.

Талғат Тәжібаев, А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ қан тамыры хирургия бөлімшесінің дәрігері: &ndash Себебі бұл кісіде трофикалық жара бар. Үш айдан алты айға дейін жарасы жазылу керек. Инфекция түспес үшін жақсылап тағып, қарау керек. Сол себептен бұл жүру, бастысы аяқты сақтау. Одан кейін өмірін сақтау болды.

Жалпы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта кепілдендірілген медициналық көмек бойынша жылына 150-ден астам осындай операция жасалады.




Көрілген: 2975    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 08:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30