Денсаулық

Алматының сауда, ойын-сауық орталықтарында 55 адам вакциналанды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бүгін сағат 10.00-ден бастап Алматыдағы сауда,ойын-сауық орталықтары мен базарларда коронавирусқа қарсы вакцина салу пунктері жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бүгін «Мәскеу» сауда, ойын-сауық орталығы жұмыс істемесе де, егу пункті қызметін бастады. Күзет қызметіндегілер ғимаратқа тек вакцинацияға алдын ала жазылғандар мен шақырылғандарды кіргізеді. Ол үшін қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне ескерту жеткілікті.

 

«Мәскеу» СОСО егу пунктінің жауапты кезекшісі Гүлдана Төлешова атап өткендей, медицина қызметкерлері сағат 10.00-ден бастап, сағат 20.00-ге дейін алматылықтарға екпе жүргізуді жалғастырады.

 

Дәрігерлер Алматы қаласының № 16 емханасына тіркелген азаматтарға алдын ала қоңырау шалды.

 

Сондай-ақ E-gov арқылы вакцинация алуға жазылғандар да бар.

 

Төрт сағат ішінде дәрігерлер 50-ге жуық адамға екпе салды, вакцинация қызу жүріп жатыр. Коронавирустан екпе алған ең жас адам 18-де болса, жасы ең үлкені – 87-дегі қарт.

 

«Егу пунктінде 2 терапевт дәрігер мен медбикелер жұмыс істейді. Адам саны көп емес, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған, кезегін күтушілер бір-бірінен алшақ отырғызылады. Барлығы алдын ала тіркеуден, содан кейін дәрігердің қарауынан өтеді, содан кейін қарсы көрсетілімдер болмаса, пациентті емшара кабинетіне жібереміз», - деп түсіндірді Гүлдана Төлешова.

 

Айта кетейік, алматылықтар вакцинацияға саналы түрде, өз еркімен жазылып, емханаларда, СОСО базасында орналасқан пунктерге келуде.

 

 




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 19:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31