Суссекстен келген Шорхэм қаласының Бетти Грей 101-ші туылған күнін атап өткен. Ол ұзақ жасауының негізгі құпиясы ән салуда екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шорхэм қаласының тұрғыны өзінің 101-ші туған күнін атап өтті.Бетти Грей төл мерекесін туыстарымен, достарымен сондай-ақ өзі тұратын қарттар үйінің қызметкерлерімен бірге қарсы алды. Қонақтар торт пен шампаннан дәм татып, кешті көңілді өткізді.
100 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
"200 жасағым келеді": 128 жастағы қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты
Ғалымдар қартаюды баяулататын әдеттерді атады
Әйел 1920 жылы дүниеге келді, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде күйеуінен айрылып, ұлын жалғыз өзі өсірген.
"Ұзақ өмірдің сыры — ән айту. Мен әрқашан ән айтқанды ұнататынмын, қазір де сүйемін. Қызметкерлер менің ән салғанымды тыңдағанды ұнатады",-дейді ол