Денсаулық

«Аңсаған сәби»: Талаптары мен тәртіптері қандай

  • «Аңсаған сәби»: Талаптары мен тәртіптері қандай

    «Аңсаған сәби»: Талаптары мен тәртіптері қандай

 Осы аптада Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан елімізде «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы іске қосуды тапсырды.

Осы орайда «ЭКО» бағдарламасымен квотаны 7 мыңға дейін, яғни, 7 есе көбейту міндетін қойды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Денсаулық сақтау министрлігінің алдына 11 тапсырма жүктегенін еске салды. Олар бұған дейін тыңғылықты талқыланды.

Тек ЭКО-ға квотаны арттыруға ғана тоқталғым келеді. Президент Үкіметке келесі жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосуды және ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін арттыруды тапсырды», - деді ол. Оның дерегінше, ЭКО бағдарламасы елімізде 2010 жылдан бастап медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қосылған. Бүгінде елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік саналады. Қазіргі уақытта осы әдіспен 22 мыңнан астам бала дүниеге келді. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметін бойынша елімізде 9 мың 467 әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр. Келесі жылы іске қосылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасына жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті кез келген жұптар қатыса алады», - деді ресми өкіл.

Осы бағдарлама аясында пациент жылына бір рет ЭКО жасай алады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл 1105 ЭКО-ға 943 млн 800 мың теңге қарастырған. Президенттің жолдауына сәйкес, ЭКО квотаны 7 мыңға жеткізу керек, яғни 7 есе көбейту қажет. 943 млн-ды 7 есеге көбейтсек, тиісті сома шығады», - деп нақтылады Б. Қожахметов. Маман не дейді? «Экомед» Адам ұрпағын өрбіту емханасының басшысы Салтанат Байқошқарованың пайымынша, Қазақстанда бедеулігі бар адамдардың тізілімін жасау қажет. «Бедеулік мәселесімен айналысқаныма 32 жыл болыпты. Оның ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру әдісінің алғашқы маманы ретінде енгізгеніме 25 жыл толыпты. Біз көбіне ақылы түрде қызмет көрсеттік. 2010 жылдан бастап мемлекетіміз 100 квотадан бастаса, биыл 1 мыңнан сәл асатын квотаға қол жеткіздік. Соған да қуанатынбыз. Бірақ, кешегі Президент Жолдауындағы 7 мың квота бөлу шешімі біз үшін үлкен қуаныш болды. Өйткені, бізге келетін адамдардың барлығы бірдей 1 миллион теңге таба алмайды. Бұл ақшаның жартысы дәріге кетеді. Сондықтан бұл үлкен көмек және пациенттеріміздің барлығы қуанып жатыр. Күтпеген жағдай болды. Біз көп болса 2 есе көбейтер деп ойлаған едік», - деді ол Президент Жолдауы аясындағы әлеуметтік басымдықтарды талқылауға арналға шарада. Осы орайда ол Президент Жолдауынан кейін министрлікпен қызу жұмыс істейтіндерін жеткізді.

Ең басты мәселе – елімізде бедеуліктің тізілімі жоқ. «Біз жалпы сөзбен «5, 6-шы отбасы бедеулікпен бетпе-бет келеді» деп айтамыз. Алайда, олардың барлығына арқау болатын статистика жоқ. Сондықтан цифрландыру заманында қанша адам бедеулікке ұшырағандығын анықтау қажет. Яғни, бедеу адамдарды тіркеу мәселесін дұрыстап, база, тізілім жасауымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын, хаттамаларын өзгертуге тиіспіз», - деді Салтанат Байқошқарова.

inform.kz




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 20:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31