Денсаулық

Антидене үндістандық мутацияға қарсы тұра алмайды - ДДҰ

  • Антидене үндістандық мутацияға қарсы тұра алмайды - ДДҰ

    Антидене үндістандық мутацияға қарсы тұра алмайды - ДДҰ

Коронавирустың үндістандық мутациясы тез жұғады және антиденелерге қарсы тұра алмайды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

ДДҰ мәліметінше, Үндістанда вирустың жаңа түрлері, оның ішінде, B.1.617 анықталған. 

"E484Q және L452R мутациялы вирустың бұл түрі Үндістанда 2020 жылдың 1 желтоқсанында анықталған сынамалардан табылды. Бұл мутацияларды зерттеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр", - деді ұйым өкілдері.   

Зерттеудің алдын ала болжамына сәйкес, L452R моноклоналды антиденелермен емдеудің кейбір түрінің тиімділігіне әсер етеді. E484Q өз кезегінде антиденені жойып жіберуі мүмкін. Осылайша коронавируспен ауырып шыққан науқастағы антиденелер үндістандық мутациямен күресе алмайды.   

ДДҰ мамандарының сөзінше, Үндістаннан тараған вирус мутациясына не әсер еткені белгісіз. Оның бір себебі - ірі шаралардың өтуі және антиковидтік шаралардың жеңілдеуі болуы мүмкін. 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 09:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30