Денсаулық

Антиваксерлер денсаулық сақтау министрлігінде шу шығарды (видео)

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Көпбалалы аналар денсаулық сақтау министрлігіне келіп, министр Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап етті.

 

Видео ABZHAN NEWS Telegram каналында жарияланды.

 

 

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомство мамандары әйелдердің балаларға екпе салуға және жалпы вакциналауға қарсылық білдіріп жатқанын айтты.

 

"Біз жасөспірімдерге вакцина салып жатырмыз. Профилактикалық екпеге ата-аналардың ерікті, жазбаша және ақпараттық келісімін аламыз", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.  

 

Әйелдерге барлық мәселені түсіндіру үшін министрлік өкілдері – денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева мен орталықтың сарапшысы шықты, дегенмен олар ешкімге құлақ аспады.

 

 

Акцияға қатысушылар кездесуді талап етіп отырған министрдің өзі іссапарда жүр.

 

Кейін наразылық білдірушілер қол ұстасып, Мәңгілік ел даңғылының бойында тізбектеліп тұрып алды.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы егу басталды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов барлық өңірдің басшылығына белгіленген ережелерді қатаң сақтауды және жасөспірімдерді ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша ақпараттық келісімімен ғана вакциналауды тапсырды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 17:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31