Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Ашуланшақтар инсультке жиі шалдығады": Ғалымдар маңызды мәлімдеме жасады

24 желтоқсан 2021, 08:26

Халықаралық зерттеушілер тобы жиі ашулану инсульт алу ықтималдығын арттыратынын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Ғалымдар 32 елдегі инсультпен ауыратын 13 мыңнан астам науқастың деректерін зерттей келе осындай қорытындыға келген.

"Инсульттің алдын алу көптеген дәрігерлер үшін маңызды, бірақ бұл саладағы кейбір жетістіктерге қарамастан, біз әлі де инсульттің қашан болатынын нақты болжай алмаймыз. Көптеген зерттеулер гипертония, семіздік және темекі шегу сияқты орта және ұзақ мерзімді факторларға бағытталған. Біздің зерттеуіміз инсультті тудыруы мүмкін қысқа мерзімді факторлардың әсерін қарастырды", - дейді Голуэйдегі Ирландия Ұлттық университетінің жетекші авторы Эндрю Смит.

Ғалымдар медициналық көрсеткіштерді талдап, ишемиялық инсультпен және миішілік қан кетумен ауыратын науқастардың мінез-құлық үлгілерін анықтады. Мұндай әрбір 11-адам инсульттан бір сағат бұрын қатты ашуланған немесе жағымсыз эмоцияны бастан кешірген.

Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсультқа шалдығады. Оның 5 мыңы бірден көз жұмады. Тағы 5 мың адам алғашқы айда қайтыс болады. Ал, қалғандары ауыр мүгедектікке шалдығады.