Денсаулық

Асқабақтың денсаулыққа пайдасы

  • Асқабақтың денсаулыққа пайдасы

    Асқабақтың денсаулыққа пайдасы

 Қыс мезгілінде көпшілігіміздің үйімізден табылатын асқабақты бәріміз де жақсы көреміз. Себебі асқабақ – көп сақтауға өте ыңғайлы дәнді-дақылдардың бірі. Тек қана сыртқы қабығы бүлінбесе болғаны. Ал шіріген не көгерген жерлері болса, ондай тұстарын алып тастап, дәнінен тазалап пайдаға асыра беруге болады. Ал қалған артық бөлігін, тоңазытқышқа полиэтиленді пакетке орап салуға болады. Ол ешқандайда өз дәмін жоғалтпайды.

Асқабақтың құрамында темір өте көп. Сонымен қатар калий, кальций, магний, қант, ақуыздар да жеткілікті және В, С, Д, Е, РР мен сирек кездесетін Т дәрумені бар. Ал құрамындағы А дәрумені жараны жазуға, күйік шалған жерді кетіруге көмектеседі. Ол үшін асқабақты үккіштен өткізіп, зақымданған жерге 2-3 сағат компресс жасап, түнгі уақытта байлап қою керек.

Асқабақ жүрек, бүйрек ауруларына және іш қату кезінде, өттің қабынуында жақсы ем болады. Сол себепті дәрігерлер де асқабақтан жасалған тағамдарды көбірек жеуге кеңес береді.

Асқабақтың құрамындағы Е дәрумені ерте қартаюдың алдын алады. Ол бетке әжім түсірмей, бетке шығатын дақтардың алдын алады. Сонымен қатар Е дәрумені бел мен иықтың ауруын жеңілдетеді және салқын тиюден сақтап, иммунитетті көтереді әрі адам ағзасын түрлі бактериялардан қорғайды.

Сирек кездесетін Т дәруменінің арқасында асқабақ семіздіктен сақтайды. Оны сиыр етімен қосып дайындаса, керемет тағам болып шығады. Ал асқабақты көп жейтін адамдардың бет-жүзі әрленіп, көңіл-күйі көтеріңкі жүреді.

Асқабақта кездесетін мада талшықтар іш қатуды болдырмай, қатерлі ісік ауруына шалдықпауға көмектеседі. Ал С және В дәрумендері адам денесіне жиналып қалған тұздарды шығарып, қан қысымын реттейтін қасиетке ие.

Massaget.kz




Көрілген: 1499    Пікірлер: 0

жұма, 03.01.2020, 15:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29