Денсаулық

"Асқазанның қатерлі ісігі пайда болады": танымал дәрігер қауіпті өнімді атады

  • "Асқазанның қатерлі ісігі пайда болады": танымал дәрігер қауіпті өнімді атады

2015 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық шұжық өнімін канцерогендер тізіміне енгізген болатын
Танымал ресейлік дәрігер Александр Мясников асқазанның қатерлі ісігіне себеп болатын өнімді атады, деп хабарлайды РИА Новости. 

"2015 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық шұжық өнімін канцерогендер тізіміне енгізген. Сондықтан шұжық – бұл таза канцероген", - деді Мяснивов "Россия 1" арнасына берген сұқбатында.  
Дәрігердің айтуынша, шұжықтың дәмін татуға болады. Бірақ оның құрамында ауыр майлар мен тұз өте көп. Сондықтан шұжық денсаулыққа зиянды. 

Айта кетейік, бұған дейін Мясников смартфонның бала көзіне зиян келтіріп, биологиялық дамуын тежейтінін айтқан. 

"Смартфон қолдану баланың көру қабілетінің нашарлауына, гормонның өндірілмеуіне, ұйқы жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Меніңше, мұның бәрі бойдың өсуін де тежейді. Сондай-ақ, дене бітіміне әсер етеді. Себебі телефонды ұстап отырған кезде мойын алға қарай созылады, көз сығыраяды. Баланың биологиялық дамуы тұрғысынан алғанда смартфонды пайдалану зиянды", - дейді  дәрігер.

Оның айтуынша, балалардың смартфонды қолдануына шектеу қою керек, алайда бұл оңай болмайды.

"Біз 18 жасқа дейін балаға ішімдік ішуге, темекі тартуға тыйым саламыз. Дәл солай смартфонға да шектеу қою керек. Адам өскенше смартфонды аз қолданғаны жөн", - дейді Александр Мясников.

Ал пәтердегі wi-fi тарататын роутерді адам тұрмайтын бөлмеге орнату қажет.
 
 




Көрілген: 2402    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.03.2021, 13:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31