Денсаулық

Астанада АИТВ жұққандардың басым бөлігіне ауру жыныстық қатынас арқылы берілген

  • http://www.sanepid.uz/

    http://www.sanepid.uz/

Иммун тапшылғы вирусын жұқтырғандар көбейді. Бір ғана елорданың өзінде көрсеткіш 14 процентке артқан. Өйткені емге немқұрайлы қарайтындар көп. Сол себепті өлім-жітім де көбейеді.

 

Қауіпті вирус жұқтырғандардың жартысына жуығы қызметтегі азаматтар.

 

Енді бұл инфекцияның таралуына не себеп?

 

Кейіпкеріміздің жасы 35-те. Ол 13 жылдан бері иммун тапшылығы вирусымен күресіп келеді. Бірінші күйеуі бойындағы дертін жасырған екен. Салдарынан инфекцияны асқындырып алады.

 

Қала тұрғыны:

 

- Оған соған дейін 5 жыл бұл сол АИТВ диагнозын қойған. Бірақ ол лекарстваны ішпей, терапиядан  бас тартып, заңды түрде өзі кеткен. Маған айтуға қорыққан. Өйткені ол кісіде ақпарат өте аз болған. Соңында осылай пайда болды менде. Күйеуімді алып қалу өте кеш болды. Себебі клеткасы өте аз қалған, мен білгеннен кейін после рода, екі-үш айдан кейін қайтыс болды.

 

Өкініштісі, келіншектің өзі ғана емес, тұңғышы да қауіпті вирусты жұқтырған болып шықты. Соңғы жылдары мұндай дерт осал топтағы азаматтар ғана емес, жұмысқа қабілетті жастар арасында да дендеп барады.

 

Ең сорақысы, бұл инфекция жасөспірімдерді де айналып өтпеген. Мамандар «бұған жыныстық сауатсыздық себеп» дейді.

 

Зәмзәгүл Рахимбаева, қалалық ЖИТС-ке қарсы орталығының эпидемиолог дәрігері:

 

- Қазақстан бойынша Астана қаласында АИТВ-ға тестілеу жоғары деңгейде тұр. 80 проценті бізде жыныс қатынасы арқылы берілген. Ол гетеро-, гомосексуалды қатынас арқылы берілген. Оған немқұрайлы қарауға болмайды. Өйткені 16-17 жастан бастап, тіркелген жағдайлар да бар. Сондықтан ата-аналар да, мектеп, әрбір оқу орнында да осы мәселені өзекті қып, осыған назар аудару керек деп ойлаймын.

 

Елордада жыл басынан бері 249 адам инфекция жұқтырған. Бұл былтырғыдан 67 жағдайға артық. Ең әуелі көбі ұялады немесе намыстанады.

 

Әлем халқы АИТВ-инфекциясымен 40 жыл бойы күресіп келеді. Оның емі жоқ. Дегенмен, тығырықтан шығар жол бар. Дәрігер ұсынған емдік шараны бұлжытпай орындау. Бұл қоғам алдындағы жауапкершілікті білдіреді, дейді сала мамандары.

 

Ақерке Раушанбек, қазақ дермотология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының эпидемиолог дәрігері:

 

- ҚР ол халықаралық қабылдайтын және енгізетін Орта Азиядағы алғашқы мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта біз ЮНЭЙДС-тың 95-95-95 стратегиясын қолданып жатырмыз. Бұл дегеніміз, барлық АИТВ-мен ауыратын науқастардың 95 пайызы өзінің мәртебесін білуі, 95 проценті антиретровирустық емді қабылдауы және 95 проценті вирустық супрессияға қол жеткізуі. Осы алғашқы 95 пайызға жетуі үшін бізде жалпылай тестілеу жүргізіліп жатыр.     

 

25 мың қазақстандық осы вирусты жұқтырған. Мұндай жағдайға душар болған азаматтарға мемлекет тарапынан тегін кепілдендірілген медициналық көмек көрсетіледі. Яғни антиретровирустық терапия ұсынылады. Дерттің осы түріне қарсы орталықтар психологиялық көмек береді. Міне кейіпкеріміз де өзімен тағдырлас жандарға ақпараттық қолдау көрсетуді қолға алғанын айтады.

 

Қала тұрғыны:

 

- Менің ұлым біледі, қайда жұмыс істейтінімді. Күнделікті дәрімді әкеліп береді. Мен екінші рет тұрмысқа шықтым. Папасына да әкеп береді. Ұмытып бара жатсақ, қайта есімізге түсіреді. Балаларға жақын болу керек. Отбасын дұрыстап алмасақ, көпшілікке ақпаратты да жеткізе алмаймыз ондай кезде. Бірінші ақпаратты үйден бастау керек деп ойлаймын.

 

АИТВ инфекциясын белсенді тестілеу арқылы ғана анықтауға болады. Өйткені дерт бірден белгі бермейді.

 

Ауруын жасырған өледі. Өкінішке орай, біздің қоғамда АИТВ инфекциясы жайлы ашық айтыла бермейді. Қауіпті вирусты жұқтырып алса да, оған немқұрайлы қарайтындар бар. Сондықтан ауруды асқындырып алмаудың амалын ойлау керек деп отыр мамандар. Жыл басынан бері Елордада АИТВ-ның соңғы деңгейі СПИД-тен 8 адам көз жұмған екен.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 08:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31