Денсаулық

Астанада еденде босанған ана перзентхана дәрігерлеріне шағымданды

  • © Narva Haigla

    © Narva Haigla

Астана тұрғыны екінші перинаталдық орталықтың дәрігерлерін босану кезінде көмек көрсетпеді деп айыптады.


Facebook желісіндегі елордалық топтардың бірінде 31 жастағы Ұлбосын Кенжаева жазғандай, 19 ақпанда күндіз ұлын босаныпты, бірақ дәрігерлердің тарапынан ешқандай көмек болмаған көрінеді.


"Босанып жатқанымда, қасымда бірде-бір дәрігер болған жоқ. Палатада батареяның қасында тұрып босандым. Дәрігерлерді айғайлап шақырсам да, ешкім келмеді. Ақыры балам еденде дүниеге келді, кіндігін кесіп, есікке өзім жеттім", - деп жазды ашынған әйел.


Астананың екінші перинаталдық орталығының басшылығы, әйелдің айтуынша, бұл оқиғаны мойындамай, палатада түсірілген видео жазбаны бермей отыр.


Sputnik Қазақстан тілшісінің жіберген сауалына Астана әкімдігі болған жайтқа қатысты тергеу басталды деп жауап берді.


Қала әкімдігі растағандай, 18 ақпанда екінші перинаталдық орталыққа 1988 жылы туған Астана тұрғыны жатқызылған, келесі күні әйелдің толғағы басталып, босану бөліміне ауыстырылады, сол жерде оны бөлім меңгерушісі қарап, артынша ота жасауға кетіп қалады.


"Босану бөлімінде 12:25 пен 12:50 аралығында дәрігерлер бригадасы төрт әйелді босандырып, күрделі ота жасады. 12:50-де Кенжаева еш қиындықсыз тез босанып қалған. Салмағы 3,335 келі, бойы 55 сантиметр ер бала өмірге келді", - деп мәлімет берді әкімдік.


Қазір ана мен бала ауруханадан шыққан, жағдайлары бір қалыпты.


Әкімдіктің баспасөз қызметі атап өткендей, перинаталдық орталықтың дәрігерлері қажетті диагностикалық шараларды түгел орындаған, дегенмен бұл жайтқа қатысты қызметтік тергеу басталыпты. Әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов істі өз бақылауына алды.


 Sputnik




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.02.2019, 23:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30