Денсаулық

Астанада еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын сатқан дәрігерлер ұсталды (видео)

  • © видеодан алынған кадр

    © видеодан алынған кадр

Астанада емхана қызметкерлері жалған еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын сатқаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Бір күнге арналған еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасының құны 2 500 теңгеге тұрған.


"15 ақпанда "Сатып алу қорытындысы" әдісі бойынша жалған еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасының берілуі дерегі анықталды. Анықтаманы өткізу кезінде қалалық емхананың бас медбикесі мен дәрігері ұсталды. Оған қоса, полиция қызметкерлері анықтаманың заңсыз сатылуына делдал болғаны үшін әйел адам ұсталды" - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз өкілдері.


Полицейлер ақ халаттылардың жұмыс үстелінде табылған құжаттарын тәркіледі. Олардың ішінде емделушінің қай аймақта тіркелгені, дәрігерлердің еңбекке уақытша жарамсыздық парағына қолы қойылған анықтама және емхананың мөрі болған.


"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Ұсталған адамдар кінәларын мойындаған, оларға қатысты "келуге міндетті" алдын алу іс-шарасы қолданылды. Астана полиция қызметкерлері тұрғындарды еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын заңсыз алғаны үшін қылмыстық жауапкершілек бар екенін ескертті" - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.


 




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.02.2019, 16:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31