Денсаулық

Атырау дәрігерлері нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Атырау облысында перинатальды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Гиппократтың антына адал болуды уәде еткен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камераға салып өлтірді деген күдікке ілінді. Тексеру нәтижесінде анықталғанындай, жаңа туған бала қателіктің салдарынан құжат бойынша өлі туғандардың қатарына енгізіліп кеткен. Шынтуайтында ол тірі болған. Баланың тірі екенін білгеннен кейін дәрігерлер оңалту амалдары бойынша шұғыл шараларды қабылдаудың орнына ресімделген құжат бойынша, сәбиді шетінеп кеткенше сол жерде қалдырған. Дәрігердің әрекетінің бір себебі – толтырылып қойған құжат. Ол түзетілмеген», - деді Шыңғыс Қабдолла елордадағы брифингте.


Перзентханаға бірден келген жедел тергеу тобы аталған оқиғаның мән-жайын анықтаған.


«Шақалақтың денесі тоңазытқыш камерасынан табылды. Уақыт бойынша үлгере алмай қалдық. Сот санкциясымен күдіктілер тұтқынға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ол.


Перзентхана орталығының басшысы мен әйелді босандырған акушер-гинекологтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.


Әу баста аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 317-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Алайда істің мән-жайы анықталғаннан кейін аталған екі адамға тағылған айып ҚР ҚК 99-бабына (қасақана кісі өлтіру) өзгертілген.


 




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 18:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31