Денсаулық

Атырау облысында ЖИТС инфекциясын жұқтырған 400 адам есепте тұр

  • http://yassy-tur.kz/

    http://yassy-tur.kz/

Атырау облысында ЖИТС инфекциясын жұқтырған 400 адам есепте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Ж.Төлемісованың айтуынша, індет есептегі адамдардың 80 пайызына жыныстық қатынас арқылы жұққан.

 

«Қазір Атырау облысында ЖИТС инфекциясын жұқтырған 400 адам есепте тұр. Оның ішінде Атырау қаласында 284, Жылыой ауданында 13, Құрманғазыда – 7, Индерде – 6, Махамбетте – 6, Қызылқоғада – 2, Мақатта – 2, Исатай ауданында 1 адам бар. Биылғы жыл басынан бері осындай дерт 32 адамнан анықталып отыр. Бұл өткен жылғыдан 14 адамға артық. Індетті жұқтырғандардың арасындағы шетелдіктердің саны – 79 адам» -дейді Ж.Төлемісова.

 

Оның айтуынша, ЖИТС инфекциясына шалдыққандардың 187-сі (58,2%) – ер адам, ал, 134-і (41,7%) – әйел.

 

Оның ішінде 19 жасқа дейінгі 11 (3,4%), 20-39 жастағы 218 (68,3%), 40-62 жас аралығындағы 92 (28,6%) адам вируспен күресіп келеді.

 

«ЖИТС індетіне шалдыққандардың әлеуметтік санатына тоқталар болсақ, 116 адам жұмыс істеп жүр. Ал, 173 еңбекпен қамтылмаған. Алтауы – мектеп жасындағы оқушылар мен студент. Екі адам әскери қызметкер болса, біреуі – зейнеткер» -деп мәлім етті Ж.Төлемісова.

 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жеті айда 23 адам АИТВ инфекциясын жұқтырғанын жазған едік.

 

 

 

 




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 00:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31