Денсаулық

Атырау перзентханасында 31 қызметкер өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз берген

  • © atpress.kz

    © atpress.kz

Перинаталдық орталық қызметкерлері жұмыстан кету туралы арыз берген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Бүгінде облыстық перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан босатуға өтініш жазды. Олармен Денсаулық сақтау басқармасы, министрлік және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр. Олар өз орындарында жұмыс істеп жатыр. Біз дәрігерлермен жүйелі әңгіме жүргізу үшін барын салып жатырмыз. Олардың әрқайсысы күн сайын адам өмірі үшін арпалысатын баға жетпес маман", - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Серікжан Ерментаев.


Атырау облысына денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаев бастаған республикалық ұйымдардың жетекші мамандары келгені айтылады.


Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталыққа еліміздің басқа да аймақтарынан келген дәрігерлер көмекке келеді.


Жыл басынан бастап Атырауда қалалық перзентхананы екіншіден үшінші деңгейге ауыстыру жұмыстары жүргізілді, босандыру ұйымдарын күшейту жүргізілді, мұнда ОПО-дан анестезиолог-реаниматолог ауыстырылды, екі неонатолог, тәжірибесі бар мамандар келді. Бұл ауруханаға Ақтөбе облысынан екі маман-неонатолог келеді.



Көрілген: 940    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 16:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31