Денсаулық

Атырау тұрғынын 20 жыл бойы жоқ аллергиясынан емдеп келген

  • Атырау тұрғынын 20 жыл бойы жоқ аллергиясынан емдеп келген

    Атырау тұрғынын 20 жыл бойы жоқ аллергиясынан емдеп келген

Атырау қаласының 42 жастағы тұрғынына 2000 жылдардың басында аллерголог  ринит диагнозын қойған. СОдан бері ол әртүрлі ем қабылдайды, бірақ бәрі бекер болады. Ен жақында оның ешқандай аллергиясы болмағаны анықталды.

20 жыл бойы аллергиясын нәтижесіз емдеп келген Атырау қаласының 42 жастағы тұрғыны президенттік клиникадан көмек сұрады.

 
Үнемі мұрынның бітелуі, тыныс алудың қиындауы, тұрақты түрде болып тұратын түшкіру ұстамалары, мұрынның құрғауы, суыққа және шаңға реакция - Атыраулық әйел соңғы 20 жыл бойы осылайша өмір сүрген.

"Біз Ғалия Түсіпбекованың байланыстарын интернеттен тауып алып, оның көмегіне жүгіндік. Ол карантин әлсіреген кезде кеңес алу үшін келіңіздер деді", - дейді пациенттің анасы.

2000 жылдардың басында пациент аллергологтан көмек сұрайды. Аллергиялық ринит диагнозы қойылады. Ол әртүрлі ем қабылдайды, бірақ бәрі бекер болады.

"Сонымен қатар, оған қазіргі уақытта пациенттерді емдеуде қолданылмайтын глюкокортикоидты препарат - дипроспан қабылдау жазылған екен. Дипроспан жағдайды уақытша жеңілдетеді, ал оны үнемі қолданудың көптеген жанама әсерлері береді", - дейді президенттік клиниканың аллерголог-иммунологы Ғалия Түсіпбекова. 

Ғалия Түсіпбекованың айтуынша, түрлі зерттеулер жүргізіліп, соның ішінде тұрмыстық аллергендері бар теріге жасалатын тестілер және Е. иммуноглобулин деңгейі тексеріледі. Алайда аллергия белгілері айқындалмайды. Содан кейін: ЛОР дәрігерге қаралу керек, компьютерлік томография жасап, дипроспанмен емдеуді тоқтатуыңыз керек деген шешім қабылданды.

"КТ нәтижелері бойынша мұрын кеңсірігінің қисықтығы және созылмалы синусит ауруы бар екендігі расталды. Біз оған кеңсірікті хирургиялық жолмен түзетуді ұсындық &ndash осы жағдайда бұл ең жақсы шешім болды",- дейді президенттік клиниканың дәрігер оториноларингологы Талапбек Әженов.

Науқас операцияға келісті және бір айдан кейін портал арқылы тегін операция жасалды.

Дәрігердің айтуынша, операциядан бір күн өткен соң оның арнайы мұрын тампондары алынып тасталды. Пациенттің тынысы айтарлықтай жақсарды.

"20 жылдан кейін пациент тағы да мұрны арқылы еш қиындықсыз тыныс алды", - деп еске алады Талапбек Әженов.




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 11:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31