Денсаулық

Атырауда жедел жәрдем қызметкерлері пандемиядағы еңбегіне үстемақы алмаған

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Атырауда еңбекақысын даулаған жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды. Олар пандемия кезінде жұмыс істегеніміз үшін үстемақы алмадық дейді. Тіпті алғы шепте жүрген ақ халаттылар жедел жәрдем станциясында жұмысшаларға мүлдем жағдай  жасалмағанын айтады.

 

Қызметкерлер кейде киім ауыстыратын жер таппай қиналады екен. Ал диспетчерлік қызметті жеңілдету мақсатында берілген планшеттер баяғыда істен шыққан. Дәрігерлердің басынасын тілшіміз тыңдап келді. Атыраудағы  жедел жәрдем қызметкерлері өзіне тиесілі үстемақыны көрмегелі жарты жылдан асқан. Коронавируспен күресте алғы шепте жүргендер еңбегіміз еш кетіп жатыр деп налиды. Өйткені жұмыс қауіпті болғанымен, айлығы мардымсыз.

 

Алмагүл Ғарипова, мейірбике:

 

- Осы тұрғанда күркілдеп жөтеліп әзер келдім, шынын айтқанда. Кеше де жұмысымда әрең жүрдім. Емделейін десем,КТ-ға барып тапсырмақ тұрмақ, жүріп-тұруға ақшам жоқ. Кеше ақпан айының 69 000 жалақысын алдым. Несием 60 000, 9 мыңды қайда жеткізем?

 

Қазір облыс «қызыл» аймақта. Сондықтан дәрігерлердің жұмысы да көбейген. Ал оны елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ дейді наразы топ. Маңдай терін талап етіп келгендер бізге, тым болмаса жұмыс істеуге жағдай жасалсын деп отыр.       

 

Айнұр Сәрсенова, мейірбике:

 

- Телефонымызбен ай сайын 4000 тг тарифке кіреміз. Осы телефонымызды қолданамыз. Планшетіміз істемей қалады. Қыс бойы КВИ-ден барып келеміз ғой, қақап тұрған қыста далаға шешінеміз. Шкаф жоқ! Сол киіммен үйден келеміз, сол киіммен шақыруға барамыз. Ол киімді үйге апарып шешеміз.

 

Ал жедел жәрдем станциясының директоры қол астындағыларына көп ақша күтпеңіздер деп кесіп айтты. Өйткені медицина қызметкерлеріне берілетін үстемақы былтыр қате есептелген екен. Соның кесірінен мекеме басшысы айыппұл арқалаған.      

 

Бауыржан Төлегенов, Атырау облысы жедел жәрдем станциясының директоры:

 

- Бізге тексеру жүргізді. Былтырғы жылдан 14 миллион айыппұл салынды. Мына бергендеріңіз дұрыс емес деп. Қазір кіші буын – медицина қызметкерлері, олар нақты аурумен байланыста болмаған себепті, оларға берілмейді деді.

 

Қазір ақ халаттылардың арыз-шағымы еңбек инспекциясына жолданды. Алдағы 10 күн ішінде мәселенің мән-жайын анықтаймыз дейді.

 

Ал үстемақы талап еткендер енді басшылықтан қысым көреміз бе деп қорқып отыр.

 

Дәрігерлердің айтуынша, осыған дейін айлығын пұлдап арыз жазғандардың артына түскен басшылар болған.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 01:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31