Денсаулық

Ауаның ластануы балалардың семіздігін тудырады – ғалымдар

  • Ауаның ластануы балалардың семіздігін тудырады – ғалымдар

    Ауаның ластануы балалардың семіздігін тудырады – ғалымдар

Индиялық ғалымдар ауа ластануының жоғары деңгейінің әсерінен балалардың семіздікке шалдығуын және демікпе қаупін арттыратынын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Indian Express сайтына сілтеме жасап.

Өкпені күту қоры мен Pulmocare ғылыми-білім беру орталығы жүргізген зерттеуге Дели мен Үндістанның оңтүстігіндегі Коттаям мен Майсуру қалаларынан кездейсоқ таңдалған 12 мектепте оқитын 3 157 бала қатысқан. Бұл қалаларда ауа басқа жақтарға қарағанда салыстырмалы түрде таза.

 
Зерттеушілер Делидегі балалардың 39,8 пайызы ал Коттаям мен Майсуруда 16,4 пайызы артық салмақпен ауыратынын анықтады. Ғалымдардың айтуынша, бұл осы қалалардағы зиянды PM2.5 бөлшектерінің деңгейімен байланысты. 

Сарапшылардың айтуынша, Делидегі мектеп оқушыларында астма мен аллергия белгілері, қышыма, көздің сулануы, жөтел мен бөртпе ауруларының Коттаям мен Майсуру қалаларына қарағанда "таралуы едәуір жоғары".

"Зерттеу Дели балаларында респираторлық және аллергиялық симптомдардың, спирометриялық демікпе мен семіздіктің жоғары таралуын анықтады. Балаларымыздың болашағын сақтау үшін Дели мен басқа қалалардағы ауаның ластану мәселесін жүйелі түрде шешетін уақыт жетті" ,- дейді өкпе күтімі қорының негізін қалаушы Арвинд Кумар.

Зерттеу көрсеткендей, семіздікке шалдыққан балалардың демікпемен ауыруы 79 пайызға жоғары.

"Балалардағы семіздіктің көптеген себептері болуы мүмкін, бірақ қоршаған ортаның ластануы ең басты фактор" ,- делінген зерттеуде.

Дели - әлемдегі ең ластанған қалалардың бірі екенін айта кету қажет. Жыл сайын ондағы ауаның ластану деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қауіпсіз деп санайтын деңгейден шамамен 9 есеге асады.

Stan.kz




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

жұма, 03.09.2021, 19:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31