Ауруханада берілген тоқаштан тышқан шықты

21 ақпан 2022, 10:32

Нұр-Сұлтан қаласы Тұран көшесі, 36 үйде орналасқан Республикалық балаларды оңалту орталығында балаларға берген ас-ауқаттан (тоқаштан) тышқанның баласы шыққан. Бұл туралы журналист, қоғам белсендісі Кенжегүл Тергембай өзінің facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Skifnews.kz.

 

"Сол жерде жатқан бір ана уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтілген. Ата-аналар тағам сапасының өте нашар екенін айтып шағымдануда! Өткен жолы сасып кеткен катлет берген. Онда қойшы, олар да бір-бір отбасын асырап отырған қызметкерлер ғой деп шағымданбағанбыз. Мынау енді шектен шыққандық!"-дейді шағымданушы ана.