Денсаулық

Аурухананың төрт жүзге тарта қызметкері жұмыссыз қалғалы тұр

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Ақтөбедегі теміржол ауруханасының дәрігерлері таң атпастан науқастарын шұғыл қабылдап, дәліздегі жиналысқа дереу жиналды. Санитарлық тексеруден соң мұнғалардың мазасы қашқан.

Өйткені жаңа жылдан бастап науқас қабылдауға Денсаулық сақтау басқармасы тыйым салмақшы. Теміржол ауруханасы мен емханасы жабылса, 400-ге тарта қызметкер жұмыссыз қалады. Жыл басында жалақыдан қағылып қай мекеменің есігін қағып жұмыс сұраймыз деп уайымдайды дәрігерлер.

Ғалымбек Алқанбаев, дәрігер:

- Қаншама қызметкер бар. 20 жыл, 40 жыл жасаған адамдар бар. Үйренген жерлері. Ешкім кеткісі келмейді. Бәрінің басында несие, мойнында қарызы бар. Өзіме де қатысты.

Ризада Әлімбаева, аурухана қызметкері:

- Зейнетке бір жыл қалды. Соған уайымдаймын. 20 жыл болды осында істегеніме. Жұмыссыз қалғым келмейді, қорқып тұрмын.

Мекеме бытырдан бері сенімгерлік басқаруға жекенің қолына өткен. Аурухана 120 адамға арналса, емхана сол маңдағы 12 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Енді оларға мемлекеттен бөлінетін ақшаны тоқтатып, науқастарды қабылдауды жақын маңдағы емханаларға бөліп бермекші.

Марат Өтегенов, Теміржол ауруханасының басқарушы директоры:

- Тұрғындардың бәрін өзге емханаларға бөліп жатыр. Жылына 520 миллион теңге мемлекеттен науқас қабылдауға бөлінетін еді. Енді бермейтін болды. Ақша болмаса, біз қалай жұмыс істейміз? Дәрігерлер де жұмыссыз қалады.

Теміржол ауруханасының жаңа жылдан бастап жұмысын тоқтататынын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы да растады. Себебі, санитарлық талапқа «мүлдем сай емес» деп отыр.

Әсет Қалиев, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ол жерде мүмкіншілік болмай отыр. Қиындықтар туындап отыр. Өйткені ауруханадағы жағдай санитарлық нормаға сәйкес келмейді. Емханасы, ауруханасы іші салқын. Бұл мәселелердің бәрі жойылған кезде біз керует қорын, тіркелген халықты кейін қарай қайтарып беруге дайынбыз.

Теміржол ауруханасына кемшіліктерін жоюға наурызға дейін уақыт берген. Егер аурухананың жылуын реттеп, тазалығын жөндесе, күні ертең лицензиясын қолына ұстатамыз дейді шенеуніктер.

Ал дәрігерлердің ешбірі жұмыссыз қалмайды деп сендіреді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оларды өзге ауруханалар мен емханаларға жіберетінін айтады.

 ktk.kz




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.12.2019, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31