​Әйелдердің ЖЫНЫС жолдары неге ҚЫШИДЫ?

05 маусым 2022, 00:06

Себебі, белгілері және емделу жолдары туралы толық мәліметті біліңіз. Бұл туралы ERNUR.KZ сайтында жазылды.

Жыныс жолдың қышуына түрлі дерт себеп болады. Соның бірі – "молочница" немесе вагиналды кандидоз. Бұл қынаптың шырышты қабығының саңырауқұлақ инфекциясы. Осы кезде жыныс жолдары қышиды, жыныстық қатынас пен зәр шығару кезінде ауырсынады, бөлінді көп бөлінеді. Егер уақытылы емдемесе, саңырауқұлақ бүкіл денеге таралып, кандидоздың жалпыланған түрін дамытады.

Қалай анықтаймыз?

Жыныс жолдарының қышуы сізге айтарлықтай ыңғайсыздық туғызады. Оның не үшін қышитынын анықтау үшін гинекологиялық тексеруден өту керек. Гинеколог дәрігер арнайы жағынды алып, аурудың себебін анықтайды. Сонан соң жүйелі ем тағайындап, жергілікті саңырауқұлақтарға қарсы препараттар ұсынады.

Себебі:

  • иммунитеттің төмендеуі;
  • жыныстық қатынас кезінде инфекцияның жұғуы;
  • қынаптың микрофлорасының тепе-теңдігінің бұзылуы;
  • жыныс мүшелерінің қабынуы;
  • антибиотиктерді ұзақ бақылаусыз қабылдау;
  • етеккір алдында немесе жүктілік кезінде гормоналды бұзылулар;
  • ішек дисбактериозы;
  • менопауза кезінде гормоналды деңгейдің өзгеруі;
  • климаттың күрт өзгеруі;
  • синтетикалық матадан жасалған тар іш киім кию;
  • құрамында хош иістендіргіштер мен сілтілер көп болатын интимдік гигиена құралдарын теріс пайдалану;
  • қынаптың шырышты қабатының жағдайын нашарлататын және саңырауқұлақтардың көбеюін қоздыратын дезодорацияланған жастықшалар мен тампондарды қолдану;
  • дұрыс тамақтанбау – кәмпит, ас содасы, фастфуд, қою кофе, ашытқы кондитерлік өнімдерді, майонезді, кетчупты, майлы және ащы тағамдарды пайдалану;
  • гиповитаминоз – шырышты қабықтардың және терінің жағдайының нашарлауына әкеледі, ағзаның иммундық қорғанысын төмендетеді;
  • созылмалы ұйқының болмауы, тұрақты стресс, жүйке кернеуі, психологиялық немесе физикалық стресстің жоғарылауы;
  • семіздік;
  • жыныс мүшелерінің шырышты қабатының жарақаттары – олар арқылы саңырауқұлақтар тіндерге терең енеді;
  • жаман әдеттер (алкогольді асыра пайдалану, темекі шегу);
  • метаболикалық ауру жыныс мүшесінің қышуына әкеледі.

Аурудың негізгі клиникалық белгілері:

- Қынап аймағында қышу және күйдіру сезімі байқалады. Мұндай белгілер пайда болған кезде қынаптың шырышты қабығына зақым келтірмеу үшін зардап шеккен аймақты қорғау (жыныстық қатынасқа түспеу, бассейнге шомылмау, интимдік гель пайдаланбау) керек.

- Жыныс мүшелерінен ұйыған бөлінді бөлінеді. Оладың ішінде ақ түйіршіктер бар шырыш болуы да мүмкін. Іш киімді байқалады.

- Әйелдің өзі ғана сезінетін қышқыл иіс болады;

- Жыныстық қатынас кезінде, зәр шығару кезінде ауырсыну және ашу байқалады.

Жыныс мүшесінің қышуы кезек күттірмей емдейтін дерт. Оған бейжай қарасаңыз, қауіпті дерттің дендеуіне ықпал етеді. Сондықтан жыныс мүшеңізден қандай да бір жайсыздықты байқасаңыз дереу гинеколг дәрігердің қабылдауына жазылыңыз.

Дереккөз: apteka72.com

Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ