Денсаулық

Бақытжан Сағынтаев: Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Эпидемия басталғалы бері Алматыда инфекцияның 35193 жағдайы тіркелген, оның 24 012-де ауру белгілері бар.

 

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға келер болсақ, жағдай күрделі. Күнделікті өсім байқалады. Өткен тәулікте 595 адамнан коронавирус анықталды. Оның 497 симптомды, 98 симптомсыз. Алматыдан жаңа штамдар шықты. Бұл ауру санының өсіміне әкеліп отыр», - деді әкім.

 

Оның айтуынша, ауруханаларда 2945 адам ем қабылдап жатыр.

 

«Қалада вирус жұқтырғандарды қабылдайтын 7011 төсек-орын әзірленген. Олар 1, 2 және 3-эшелонға бөлінген. Бірінші және екінші эшелон бойынша ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдаймыз. Қазір 7 мың төсек-орынның 5 430 төсек-орны іске қосылған және оның 51 пайызы толды», - деді Сағынтаев.

 

Аурудың ауырлық дәрежесіне назар салар болсақ, жағдайы аса ауыр науқастар саны - 52, осындай науқастар саны артып келеді.

 

2362 науқастың жағдайы орташа ауыр.

 

1 сәуірде 233 науқас шығарылды.

 

 

 




Көрілген: 695    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31