Балаға парацетамол берген дұрыс па?

Балаға парацетамол берген дұрыс па?

 Баланың аяқасты ыстығы көтеріліп, жөтел пайда болғанда үлкендер не істерін білмей жатады. Ондайда не істеу қажет? Ауруы асқынып, тамағы ісіп кетсе ше? Пневмонияның алдын алу үшін қандай дәрі ішіп, қалай емдеуге болатыны жайында педиатр Ғалия Сейдалиевамен тілдескен едік.

– Қазір карантин кезінде үйде отырған баланың да аяқасты ыстығы көтеріліп, үй іші даурығып қалады. Сондай сәттерде не істеу керек, қандай дәрі берген жөн?

– Әр баланың ағзасы әртүрлі болады. Біреуге ибуфен әсер етсе, енді біреуге парацетамолдың көмегі тиеді. Біріне дәріден гөрі сироптың пайдасы көбірек тиеді. Оған қоса, әр дәрінің мөлшерін баланың салмағына қарай есептеп берілуі керек.

– Баланың ыстығы көтерілгенде ибуфен берген дұрыс па? Әлде парацетамол ма?

– Шыны керек, маған көп қойылатын сұрақтың бірі – осы. Педиатрияда негізінен осы екі дәріні пайдаланады. Екеуінің әсері де екі түрлі. Мысалы, парацетамол аурудың тура орта тұсынан әсер етіп, дене қызуын қалпына келтіреді. Ибуфен – ауырсынуды тез басып, ыстықты түсіріп, асқынып кетуіне жол бермейді.

Баланың ыстығы парацетамолдан кейін түспесе, араға 30-40 минут салып ибуфен беруге болады. Бірақ дәрі берген дұрыс деп, бірінен соң бірін беруге де болмайды. Парацетамолдың арасы 4 сағат болса, ибуфенді бергенде 6 сағат аралықты сақтаған жөн. Аспиринді балаға мүлдем беруге болмайды. Дұрысы, баланың ыстығы көтерілсе, дәрігерге хабарласып, қаралу керек.

– Баланың жөтелін кетіру үшін дәрі берген дұрыс па? Дәріні неше жасынан бастап беруге болады?

– 5 жасқа дейінгі балаға жөтелге қарсы дәрі не сироп беруге болмайды. Бергеннің өзінде ол тамақты жібітеді. Ал бала тамағында жиналған қақырықты түкіріп тастай алмайды. Соның кесірінен баланың кеудесі сырылдап, деміге бастайды. Сол себепті де біз жөтелге қарсы дәрі-дәрмек жазып бермейміз. Көбіне ингаляция жасалады.

– Пневмонияның алдын алатын қандай да бір дәрілер бар ма? Ол үшін не істеу керек?

– Енді, ондай дәрі жоқ. Біз тыныс алу жолдарының қай уақытта асқынып кететінін білмейміз. Бала суықтап қалса, міндетті түрде алғашқы 2-3 күнде дәрігерге қаралуы керек. Өйткені жөтел ертең көк жөтелге айналып, асқынып кетуі ықтимал. Сол үшін дәрігерден қашпай, уақытылы қаралу қажет.

– Тамақ ісіп кетіп, ангина пайда болғанда балаға антибиотик беруге бола ма?

– Жалпы, ангинаның түрі көп. Мәселен, вирусты, іріңді секілді деп бөлінеді. Ем де соған қарай жүргізіледі. Мысалы, вирусты ангинада тамақты антисептикалық құрылғымен бір шайып өтсе жеткілікті. Бұл жерде де дәрінің мөлшерін дұрыс алу керек.

– Виферон, анаферон, когацел секілді шамдарды көп аналар балаларына пайдаланып жатады. Олардың ойынша, бұл шамдар ағзаның ауруға қарсы тұруына көмектеседі екен. Шынымен солай ма, оның пайдасы бар ма?

– Шынын айтқанда, мұндай шамдардың иммунитетке берер пайдасы жоқ. Бұл шамдар иммундық жүйені не күшейтпейді, не әлсіретпейді. Сондықтан оны қолданбаса да болады.

aikyn.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста