Денсаулық

Балалар вакцинациясы не үшін маңызды?

  • Балалар вакцинациясы не үшін маңызды?

    Балалар вакцинациясы не үшін маңызды?

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, балаларға екпе салу – оларды індеттен қорғаудың бірден-бір жолы.
Әрбір баланың денсаулығы ата-ананың да қолында. Қазір балалар жасы кіші болғандықтан өз беттерінше шешім қабылдай алмайды. Сондықтан олар үшін ата-анасы жауапты. Балалардың денсаулығы өз қолдарыңызда. Қазір инфекцияның өте қатерлі екенін көріп отырсыздар. Сонымен қатар жыл мезгіліне байланысты басқа да респираторлық вирустық инфекциялар өршитіні белгілі. Олар көп жағдайда асқынып кетеді. Сол үшін әлем бойынша барлық клиникалық зерттеуден өткен, ең тиімді, қауіпсіз деп әкелген вакцинаны мемлекет жағдай туғызып тұрғанда пайдаланғандарыңыз дұрыс, - деді вице-министр.
Сондай-ақ ол өз отбасындағы адамдардың екпе алуына қатысты айтты.

Менің бүкіл отбасым, айналамдағылар вакцина алған. Өзімнің туған-туыс, жора-жолдастарыма кездескен сайын вакцинацияның тиімділігін айтамын. Олар алып та жатыр. Халықтың қазір аурудың қиын екеніне көзі жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 3300 бала Pfizer вакцинасын салдырғаны туралы айтқан болатынбыз.

BAQ.KZ




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 13:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31