Денсаулық

Балаларды вакциналау процесіне ата-аналар қатыса ала ма?

  • Балаларды вакциналау процесіне ата-аналар қатыса ала ма?

    Балаларды вакциналау процесіне ата-аналар қатыса ала ма?

Алматыда жасөспірімдерді вакциналау кампаниясы басталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төрағасының орынбасары Лаура Мырзағали айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Медициналық мекемелерде кәмілеттік жасқа толмаған балаларды вакциналаудың бірінші кезеңі басталды. Келер аптадан бастап мектептерде вакцина егуге дайынбыз.

Мектептермен бірігіп, үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінде қалада 12-18 жас аралығындағы 1 619 бала вакцина алуға келісіп отыр. Ата-ананың келісімі болмаса, біз хабарласып, сұрауымыз керек", - деді Лаура Мырзағали. 

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, ата-аналар вакцина салу процесіне қатыса алады. 

"Бұл өте маңызды іс-шара. Егер ата-аналар қатысуға ниет білдірсе, қатыса алады. Емханалардағы екпе салу пункттері демалыс күндері де жұмыс істейді. Болашақта мектептердегі медициналық пункттерде де солай болмақ", – деді ол. 

Естеріңізде болса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Pfizer вакцинасы Қазақстанға жеткізілді. 

Stan.kz




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 16:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31