Денсаулық

Бас санитардың жаңа қаулысы жарияланды

  • Бас санитардың жаңа қаулысы жарияланды

    Бас санитардың жаңа қаулысы жарияланды

Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес бірқатар нысанда Ashyq жобасы жүзеге асырылатыны белгілі болды. Бұл қатарда йога орталықтары, фитнес-клубтары, спа-орталықтары, монша, сауна, бассейндер, PlayStation клубтарын есептегенде, компьютер, боулинг клубтары, кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар, көше тағамдары, қоғамдық тамақтану нысандары, жазғы алаңдар, банкет залдары, асхана үлгісіндегі қоғамдық тамақтану нысандары, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар, бильярд клубтары, концерт залдары, караоке, көрмелер, океанариум, марафондар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар, әуежайлар, лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар бар.

«Ashyq жобасы балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер, қонақ үйлер, сауда желілері, сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын (азық-түлік) сауда желілері, балаларды сауықтыру орталықтар, букмекер кеңселері, сұлулық орталықтары мен салондар, шаштараздар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, теміржол вокзалдары және автовокзалдар, базарлар (жабық), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін салондары, білім беру ұйымдары, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары, білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұратын жатақханалар мен интернаттар, діни нысандар, ойын клубтары, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, түнгі клубтар, банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде жүзеге асырылсын», - делінген хабарламада.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП құзыретіне сәйкес жұмыс және демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимі бекітілді.

«Қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін, «сары» аймақта орналасқан өңірлерде сағат 01.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 03.00-ге дейін, «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде сағат 03.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 05.00-ге дейін белгіленсін», - делінген қаулыда.

Демалыс күндері қызметкерлер мен қонақтарда қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болса, (вакцина, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцина алған тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе кейінгі 3 ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылған адамдар болса) нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Сондай-ақ, «жасыл» мәртебесі болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автокөлік және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автокөлік жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету бекеттеріне, білім беру нысандарына, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайтыны айтылды. 
 
Tengrinews.kz




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.01.2022, 23:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31