Денсаулық

Бас санитариялық дәрігер коронавирусқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

ҚР Бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеме жасады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

 

Құрметті қазақстандықтар! Жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы аса қолайсыз елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған барлықтарыңызға мәлімдеме жасағым келеді. Мен коронавирустық инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропаның, Латын Америкасының, оңтүстік-шығыс Азияның кейбір еліне барудан бас тартуды сұраймын. Аталған елдерде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекордтық көрсеткіш күн сайын жаңаруда, - деді ол.

 

Қиясовтың айтуынша, ғалымдар коронавирустық инфекцияның жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне аса қауіп төндіреді деп дабыл қағуда.

 

Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екендігін ұмытпаңыз, - деді бас санитар.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 20:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30