Бас санитарлық дәрігер ревакцинацияны қайталау туралы жаңа қаулыға қол қойды

23 мамыр 2022, 22:47

Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында үш және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналаудан (ревакцинациядан) өтуі керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын  бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

 

КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:

 

1) медицина  қызметкерлері;

 

2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

 

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

 

4) педагогтар;

 

5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

 

6) 50 жастан асқан адамдар.».

 

Қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қаулы мәтінімен толық мына арадан танысуға болады.