Денсаулық

Бас санитарлық дәрігер үндеу жасады

  • Бас санитарлық дәрігер үндеу жасады

    Бас санитарлық дәрігер үндеу жасады

ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Наурыз мейрамына арналған демалыс күндері қарсаңында үндеу жасап, бірқатар кеңес берді.
Соңғы күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатыны, өздеріңізге белгілі. Кеше елдің екі ірі мегаполисінде COVID-19-бен сырқаттанушылық ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55%-ын құрады. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупінің жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты, – деді Ерлан Қиясов.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19-дың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында өңірлік жедел штабтардың шешімі бойынша бірқатар шектеу шаралары қабылданды.


COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы бүкіл әлемде байқалады, вирустың жаңа штаммдарының таралуымен байланысты коронавирустық инфекция ауруымен сырқаттанушылық тіркелуде. Әлемнің көптеген елдерінде карантиндік шаралар күшейтілуде.


Сондай-ақ бас сантиар алдағы мереке және демалыс күндері  карантин талптары сақтауға бірнеше кеңес берді.


● Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;

● халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;

● қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;

● жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмау;

● әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтау;

● шетелге барудан бас тарту.

Барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын және әрбір отбасына зор денсаулық, амандық тілеймін және барлығымыз бұрынғы өмірімізге қайта оралайық, – деді ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.


BAQ.KZ




Көрілген: 1080    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.03.2021, 01:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31