Денсаулық

"Басшымызды қайтарыңыз!" Көкшетауда дәрігерлер облыс әкіміне арыз жазды

  • © Әлия КЕНЖЕБЕКОВА

    © Әлия КЕНЖЕБЕКОВА

Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының ұжымы Ақмола облысының әкіміне қызметтен босатылған бас дәрігер Ерлан Аяғановты лауазымына қайтару туралы арыз жазды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Арызданушылардың айтуынша, кеше кешкісін Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ауруханаға барып, бас дәрігер Аяғанов өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазғанын мәлімдеген. Ұжым қызметкерлері мұнымен келіспей, наразылық білдіріп отыр.

 

Не болғанын түсінбей қалдық. Арызға қарасақ, 22 қазан күні жазылған деп тұр. Мүмкін емес. Ерлан Серікұлы Ақмола облысының бас нейрохирургы болып істеген. Біздің ұжымға сәуір айында ғана келді. Бірақ жарты жыл ішінде көп нәрсе тындырды,

 

деді аурухана қызметкері Әлия Кенжебекова.

 

© Әлия КЕНЖЕБЕКОВА

 

Ол басшыны қолдау себебін іскерлігімен байланыстырды. Алты айда ауруханаға жөндеу жүргізіп, жиһаз әкеліп, мамандарға барлық жағдай жасағанын айтады.

 

"Біз, барлығы 37 дәрігер бас дәрігерді қайтару туралы арыз жазып, денсаулық сақтау басқармасына, әкімдікке апардық. Бірақ қабылдамай қойды. Дұрыс жазбапсыңдар деген сылтау айтады. Егер басшымыз қайтарылмаса 1 қарашада жұмыстан кетуге арыз жазамыз. Ол бізге керек. Өйткені ауруханамызда шешілмеген мәселе жетеді. Айлық алатын кезіміз де жақын қалды. Оған кім қол қоятынын да білмейміз", — дейді Әлия Кенжебекова.

 

© Әлия КЕНЖЕБЕКОВНА

 

Ал Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Ерлан Аяғановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

 

© Әлия КЕНЖЕБЕКОВА

 

"22 қазанда Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында тәртіптік кеңестің отырысы өтті. Онда бас дәрігердің қызметтік міндеттерін қайталап орындамағаны туралы дерек қаралды. Тәртіптік кеңес еңбек шартын біржақты тараптың өтінішімен бұзу жөнінде ұсыныс айтты. 25 қазанда ҚР Еңбек Кодексінің 56-бабына сәйкес, Аяғанов Ерлан Серікұлы өз еркімен жұмыстан босатылды. Ұжымның наразылығы белгіленген тәртіппен қаралады. Полиция департаментінде Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", — деді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.

 

 

 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 19:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30