Денсаулық

Бекболат пен Арыстанбекке неге шара қолданылмады?

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне шенеуніктердің тойға барғаны туралы сұрақ қойылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

 

«Қыркүйекте депутат Бекболат Тілеуханұлы, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанек Мұхамедиұлы, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар және өнер жұлдыздары көпшілік қауым жиналған тойға барғаны белгілі болды, олар түскен фото желіде жарияланды. Той карантин шектеуіне қарамастан Ақмола облысы «Балқарағай» демалыс аймағында өткен. Бұл жағдайда қатысушылар мен ұйымдастырушылар тарапынан карантин ережесін бұзушылық тіркелді ме?» - деп сұрады Азаттық радиосының журналисі.

 

Сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

 

«Қолданыстағы заңнама бойынша, жауапкершілікке тартудың өзіндік алгортимі бар. Оған сәйкес, ереже бұзылғанын бірінші мониторингтік топ тіркеп, құжат толтыруы керек, содан кейін барып шара қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке беруге тиіс. Сіз айтқан факті бойынша бізге ешқандай материал келмеді. Бұл мәселе туралы журналистер хабарлағаннан кейін демалыс аймағының иесіне, полицияға және мониторингтік топтарға хабарластық, олар мұндай іс-шара өтпеді деп жауап берді. Сондықтан бұл мәселе бойынша кімді болса да жауапқа тартуға негіз жоқ», - деді Есмағамбетова.

 

Ол «қолданыстағы заңнама бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен келген материалдармен біреуді жауапкершілікке тартуға болмайды, оның өзіндік алгоритмі бар» дегенді қоса кетті.

 

 

 

 




Көрілген: 1097    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.10.2021, 19:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31