Денсаулық

Бекшин: Алматыда оқушылар коронавирус жұқтырып жатыр

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Алматыда қыркүйектен бастап 115 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Бекшиннің айтуынша, онлайн режимде оқитын оқушылар инфекцияны кеңседе жұмыс істейтін және көпшілік жерге баратын отбасы мүшелерінен жұқтырған.

 

"Онлайн форматта оқып жатқан балалардың коронавирус жұқтырып жатқаны анықталуда. Оған сабақтан тыс уақытта компьютерлік клуб немесе басқа да жабық ғимарат ішінде жүруі себеп болып отыр", - деді Бекшин.

 

Айтуынша, кейінгі екі аптада қалада санитарлық талапқа сай келмейтін 11 компьютерлік клуб жабылған.

 

Ресми ақпаратқа сәйкес, Алматыда қыркүйектен бастап 115 бала инфекция жұқтырған, оның ішінде 109  бала онлайн режимде оқыған, 6 бала дәстүрлі форматта білім алған. Инфекция жұқтырған бала оқыған сыныптар 14 күндік карантинге жіберілді, ал мектептер жұмыс істеп тұр.

 

Мектептердің толық ашылмау себебі неде

 

Брифинг барысында Жандарбек Бекшин қаладағы мектептердің не себепті толық ашылмай отырғанын түсіндірді.

 

"Сыныпта бір бала ауырса, сол сыныптағы барлық бала ауырып қалады. Кезекші сыныптар толығымен ашылса, сыныптар емес, бүкіл мектепті жабуға тура келеді. Балалардың денсаулығы қымбат", - деп жауап берді қаланың бас санитар дәрігері.

 

Айта кетейік, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың өсуі қазан айында басталды.

 

"Қазанда айда 366 адам инфекция жұқтырды. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 2,2 есеп көп. Қарашада 1 122 адамның инфекция жұқтырғаны тіркелді. Қыркүйекпен бастап көрсеткіш 7 есеге өсті", - деді Жандарбек Бекшин.

 

Айтуынша, тұрғындар қоғамдық орындарында (түнгі клуб пен сауда және ойын-сауық орталықтарында) (33,7%), үйде (28,7%), қоғамдық көлікте (18,5%), жұмыста (13,1%) жұқтырады.

 

Сондай-ақ, шет елген келген азаматтардан да (3,5%) анықталып отыр.

 

 




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31