Денсаулық

Бекшин коронавирусты кімдер жиі жұқтыратынын айтты

  • Бекшин коронавирусты кімдер жиі жұқтыратынын айтты

    Бекшин коронавирусты кімдер жиі жұқтыратынын айтты

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Оның айтуынша, індет оптимистік көрсеткіштерге қарамастан әлі де қауіпті.

 Бүгінде қаланың инфекциялық стационарларында 673 адам коронавирустан емделуде. Оның ішінде 17 бала бар. Сондықтан 12 жастан асқан жасөспірімдерді белсенді вакциналау өте маңызды. Жаңа «дельта» нұсқа балалар үшін өте қауіпті әрі тез жұғады. Егер өткен жылы 281 оқушы жұқтырса, осы жылдың басынан бері жұқтырғандар саны - 15 039, - деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

 
Эпидемиологтар вакциналанбаған алматылықтардың қанша жастағылары жиі жұқтыратынын талдады.

 

Нақтылап айтсақ, 20-дан 39-ға дейін – 29%, шамамен 40-тан 59-ға дейін-27%, 60 және одан жоғары – 26%-ды құрап отыр. Жұқтырғандардың ішінде ең көп бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар – 28%, зейнеткерлер – 25%, түрлі ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 21%. Бір апта ішінде жұқтырғандардың жалпы санынан жасөспірімдер 5,3%-ды, 14 жасқа дейінгі балалар – 13,3%-ды, оның ішінде 1 жасқа дейін – 2,2%-ды құрайды, - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

 
Сондай-ақ ол уақыт өте келе антиденелердің концентрациясы төмендейтінін, яғни вакциналардың алғашқы дозаларын алғаннан кейін 6 немесе 9 ай өткен соң КВИ-ға қарсы ревакциналану қажет екенін еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мегаполистің бас санитарлық дәрігері коронавирус жұқтырған алматылықтардың 82%-ы – екпе алмағандар екендігін айтқан болатын.

BAQ.KZ




Көрілген: 779    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 16:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31