Денсаулық

Бекшин мутацияланған штаммдарға байланысты алматылықтарға үндеу жасады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына маска режимін сақтап, әлеуметтік қашықты ескеріп, адам көп жиналатын жерге бармауға шақырды.

 

Бүгін Алматыда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, вице-министр Ажар Ғиният пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова бастаған республикалық Комиссия мүшелерінің қатысуымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық комиссияның шұғыл кеңейтілген отырысы өтті.

 

Жиында биылғы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәселелер талқыланды. Қала стационарлары мен емханаларындағы пациенттер мен персонал ағынының қозғалысын сақтау, халыққа медициналық көмек көрсету, инфекциялық бақылау талабының сақталуы тұрғысынан бірқатар медициналық ұйымдардың жұмысы тексерілді. Сондай-ақ, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің қатысуымен жедел штаб өткізілді, - деді ол.

 

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жалпы республикалық комиссия мүшелері қалада эпидемияға қарсы қабылданған шараларды мақұлдады.

 

Алматыда жүзеге асырылған жұмыс алгоритмін, бұрын бекітілген аймақтарға бөлу жоспарларын іске асыруды және инфекциялық қауіпсіздікті сақтауды, сондай-ақ үйдегі стационарлардағы адамдарға медициналық бақылау жүргізу үшін Телемедицина орталығын пайдалану қажеттігін ескере отырып, соматикалық медициналық ұйымдарды ковидтік бағдарға ауыстыру схемасын қолдады. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, - деді Бекшин.

 

Бүгінде Алматы қызыл аймақта тұр. Биыл мегаполисте КВИ-ді жұқтырған 12 800 адам тіркелді. Мутацияға түскен штамның барын ескере отырып, індетті жұқтырудың жоғарғы деңгейі сақталуда.

 

Өзгерістер байқалған аймақтарды геномдық ретке келтіру нәтижелері белгілі болды – британдық және оңтүстік африкалық коронавирус штамдарына тән мутациялар анықталды.

 

Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штаммдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция өте жұқпалы. Міне, осы жағдай мегаполисте анықталған инфекциялардың өршуіне әкелді.

 

Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, біз қала тұрғындарының назарын осы жағдайға ерекше аударғымыз келеді. Құрметті алматылықтар және қала қонақтары. Бүгінде өзіңізді КВИ-ден қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация. Сәуір айында біз вакциналардың жаңа дозаларын күтіп отырмыз. Сонымен қатар, Алматыда екі миллион тұрғынның бар екенін, сондай-ақ көші-қонның жоғары деңгейін ескере отырып, қазір жаңа штаммдар айналымы аясында барлықтарыңызды да ковидке қарсы шараларды күшейтуге шақырамын. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықты сақтап, қоғамдық орындарға бармауға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырамын, -деді ол.

 

 

 

 

BAQ.KZ

 

 




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

сенбі, 27.03.2021, 01:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31