Бекшин "омикрон" штамы Қазақстанға қашан келеді деген сұраққа жауап берді

10 желтоқсан 2021, 22:14

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон штамы Қазақстанға қашан келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Шынымен де, бұл респираторлық вирустық инфекция. Сондықтан барлық БАҚ өкілдері оның таралу жылдамдығы жоғары екенін жазып жатыр. Соңғы үш аптада 57 елге жетіп үлгерді”, — дейді Жандарбек Бекшин.

Ол бұл вирустың Қазақстанға қашан келуі мүмкін деген сұраққа да жауап берді.

“Бұл енді уақыттың еншісінде. Бірақ Қазақстанға келетіні анық. Өйткені вирус өте кішкентай. Оған қарсы тұру қиын. Сондықтан ПТР-тест тапсыруға тырысамыз, — деді қаланың бас санитары.

Ол омикрон штаммы табылған Еуропа, Африка құрлығынан елге келіп жатқан отандастарымызды 7 күнге карантинге жатқызу қажеттігін айтты.