Денсаулық

Бекшин Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады

  • Фото:ortcom.kz

    Фото:ortcom.kz

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың жабылуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды qamshy.kz.

 

– Қазіргі ахуал күрделі. Бірақ қыстан бері жасаған дайындығымыз қазіргі жағдайдан өтуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде 7 011 төсек-орын бар. Бос төсек-орын саны 44,9 пайыз (2 520 орын). Жансақтау бөліміндегі төсек-орындардың 62 пайызы бос. Сондықтан барлық жағдай Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының қолында, мәселе күнделікті бақылауда. Алаңдататын проблема жоқ. Себебі бәрі ауруханаға дер кезінде жатқызылып жатыр. Олардың саны 250-270 шамасында, 500-ге жеткен жоқ. Сондықтан қазіргі таңда локдаун, қаланы жабу деген әңгіме жоқ, – деді ол.

 

Бекшин Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады.

 

– Біз қасиетті Рамазан айының қарсаңында үндеу жолдап жатырмыз. Естеріңізде ме, былтыр ауызашар кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан болатын. Осыны ескеріп биылғы Рамазан айында біздің азаматтарымыз ұжымдық іс-шараларды, соның ішінде үйге қонақ шақыруды азайтуларын сұраймыз, – деді бас санитар дәрігер.

 

 

           




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 19:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31