Денсаулық

Белсіздік & Бедеулік: Дәрігер бедеулік факторы кімде басым болатынын айтты

  • Белсіздік & Бедеулік: Дәрігер бедеулік факторы кімде басым болатынын айтты

    Белсіздік & Бедеулік: Дәрігер бедеулік факторы кімде басым болатынын айтты

Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған дәрігер-репродуктолог Алмаз Ибрагимов бедеулік 40% - ерлер жағынан, 40% - әйелдер жағынан, тағы 20-30% - екіжақты фактордан болуы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Бедеулік &ndash әлемдік проблема. Дамыған елдерде көптеп қарастырылатын медико-социалдық мәселе деп айтуға болады. Дерттің негізгі себебі &ndash гинекологиялық сырқаттардың кең таралуы, қабыну процестері, суық тию, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың кең таралуы. Сонымен қатар, қыз балаға байланысы жоқ сыртқы ортаның әсері болуы да мүмкін. Мысалы, гармондық бұзылыстар. Сонымен қоса, кең таралған эндометриоз деген дерт бар. Бұл да бедеулікке алып келетін фактор. Ал, ер адамдардың шәуетінің төмендеуіне экологиялық фактор, өмір сүру салтының дұрыс болмауы, физикалық қозғалыстың аз болуы, тіпті, тамақтану жүйесі де әсер етеді, - деді ол.
Дәрігер сұхбат барысында белсіздік пен бедеуліктің түпкі мағынасын түсінбей жүргендер көп екенін жеткізді.

Кейінгі кездері қоғамда белең алып бара жатқан белсіздік пен бедеуліктің түпкі мағынасын түсінбей жүргендер көп. Бедеулік &ndash бұл жүкті болуға қабілеттіліктің төмендеуі. Яғни, ер адамда шәует сапасының төмендігі, әйелде бала көтеру мүмкіндігінің төмендігін білдіреді. Ал, белсіздік (импотенция) тікелей ер адамға қатысты айтылады, яғни жыныстық қатынасқа деген қабілеттің болмауы. Белсіздік пен бедеулік екі түрлі түсінік. Себебі, ер адамда жыныстық қабілет сақталуы мүмкін, бірақ шәуеттің сапасы дұрыс болмайды. Ал, мұны ер-азаматтар өздерінің денсаулығы жақсы деп ойлап, әйелдерін медициналық тексеріске салып қояды. Мұндай мысалдар көп. Он жылдан бері әйелін тексертіп, екі рет ота жасатып, күйеуі бір рет те тексерістен өтпеген, соңында мәселе ер-азаматтың денсаулығында болып шыққан жайттар кездеседі. Жалпы, статистика бойынша бедеулік 40%-ерлер жағынан, 40%-әйелдер жағынан, тағы 20-30 % - екіжақты фактордан болуы мүмкін, - дейді ол.
baq.kz




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 19:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31