Денсаулық

Бес жасқа дейінгі балалар маска тақпайтын болды

  • https://nokta.md/

    https://nokta.md/

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой барлық қазақстандықты маска тағуға міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Енді бес жасқа дейінгі балалар мен далада спортпен айналысатындарға бетпердесіз жүруге рұқсат етілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Алексей Цой "Санитарлық эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" туралы бұйрыққа мынадай өзгерістер енгізді:

 

қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарында ас ішетін жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады;

 

қоғамдық орындарда далада медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, міндетті болып табылады.

 

Айта кетейік, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар далада маска тағуға міндеттелді. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жазылған. Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл норманың балаларға да қатысы барын айтқан еді.


 




Көрілген: 191    Пікірлер: 0

сенбі, 01.08.2020, 14:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31