Денсаулық

Бейнекамералар: Алматыда дәрігерлер қызметі бақылауға алынды

  • © AFP 2021 / STR

    © AFP 2021 / STR

Алматыда вакцина құжатын қолдан жасау ісіне қатысы бар екі емхана басшысы жұмыстан қуылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Құжатты қолдан жасауға қатысы бар екі емхана басшысы, алты дәрігер мен медбикелерді жұмыстан шығаруға тура келді. Осындай жағдай болмауы үшін күшейтілген түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, бейнекамера саны көбейтілді, бақылаушылар жұмысы күшейтілді", - деді басқарма басшысы.

 

Табынбаевтың айтуынша, жаппай вакциналау басталғалы қалада құжатты қолдан жасау бойынша 16-ға жуық жағдай анықталған.

 

"Құжатты қолдан жасау фактілері бар. Бұл жаппай вакциналау басталған алғашқы кезеңде болған. Үш емханада мұндай фактілер анықталды. Шамамен 16-ға жуық жағдай тіркелді. Қазір іспен тергеу органдары айналысып жатыр", - деді Табынбаев.

 

Басқарма басшысы барлық дерек тергеу жүргізу үшін полицияға жолданғанын айтты.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.10.2021, 16:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31