Денсаулық

Биолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда бәсеңдейтінін айтты

  • Биолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда бәсеңдейтінін айтты

    Биолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда бәсеңдейтінін айтты

Биолог маман қауіпті індеттен өлім-жітім қандай жағдайда азаятынын айтты. Маманның пікірінше, ауруды мейлінше көп адам жұқтыруы керек, содан кейін ауру азая бастайтын көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Биология ғылымдарының докторы, GMU Жүйелі биология мектебінің (АҚШ) профессоры Анча Баранова аурудың таралуы бәсеңдету үшін жаңа вирусты мүмкіндігінше көп адам жұқтыруы керек екенін айтты.

Маманның айтуынша, алдымен індет жұқтырғандардың саны ең жоғарғы көрсеткішке жетуі керек, содан соң ол шамамен 10 күнге созылатын үстіртке түседі, кейін жұқтырғандар саны біртіндеп азая бастайды. Бірақ ол үшін карантин шарттарын сақтау қажет.

Профессор АҚШ-та вирус жұқтырғандардың саны тіпті шыңға жетпей жатып, Италияда үстірт кезеңі басталып кеткенін атап өтті.

"Қазір бізде жоғарылау кезеңі, яғни ауруға шалдыққандар саны күн сайын өсіп жатыр. Үстірт – бұл кезең індет жұқтырғандар көрсеткіші бәсеңдеген кезең. Біз біраз уақыт үстірт кезеңінде боламыз, содан кейін індет азая бастайды",– деді Анча Баранова.
Маман үстірттен кейін жаңа инфекциялардың саны күн сайын азая бастауы керек деп сендірді. Алайда, бұл жағдай карантин талаптарын сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысында алғаш рет үш бірдей науқастан коронавирус инфекциясы табылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте пациенттердің жағдайы белгілі болды.




Көрілген: 1524    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 00:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31