БҚО-да су қоймаларынан тырысқақ тәріздес қоздырғыш табылды

23 маусым 2022, 18:02

Батыс Қазақстан облысында биыл Жайық, Шаған, Деркөл өзендері мен Көшім каналы секілді ашық су қоймаларынан тырысқаққа қарсы 73 сынама алынған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Соның он төртінен оң нәтиже анықталыпты. Бірақ бұл патогенді емес, яғни тырысқақ тәріздес түрі саналады, дейді санэпидемологтар.

 

Дегенмен, аталған бактериялар адам ағзасына түскен кезде іш өту арқылы білінеді екен. Мұндай жағдайда науқас міндетті түрде дәрігер көмегіне жүгінген дұрыс.

 

Сонымен қатар өзен-көлдерден алынған суды қайнатып ішу керек. Жеке бас гигиенасын сақтау да маңызды.

 

Аймақта соңғы 20 жылда тырысқақ жұқпасының таралуы тіркелген жоқ.

 

Ашық су көздерінен сынама алу жұмыстары жыл сайын мамыр мен қазан айының аралығында жүргізіледі, дейді мамандар. 

 

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

 

- Бүгінгі таңда анықталып отырған тырысқақ тәріздес vibrio cholera non 01 – бұл патогенді емес біздің облысымызда анықталып отырған. Дегенмен де бұл ішек ауруларының белгілерімен өтетін ауру.