Денсаулық

БҚО-ның Федоров ауылында карантин жарияланды

  • https://ehonews.kz/

    https://ehonews.kz/

БҚО-ның Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

 

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, күні бүгінге дейін аудан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 22-ге жетсе, соның 17-сі Федоров ауылында анықталып отыр.

 

Осыған байланысты аудандық бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, 12 қыркүйектен бастап аудан орталығы аумағында карантин жарияланды.

 

Жасы 65-тен асқан адамдарға аса қажеттіліксіз көшеге шығуға шектеу қойылды. Сондай-ақ бөлшек саудамен айналысатын дүкендерді қоспағанда, ірі азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар, сауда желілері, қоғамдық тамақтандыру нысандары, спорт нысандары, саябақ, сквер және басқа демалыс орындарының қызметі тоқтатылды.

 

Жедел жәрдем, авариялық қызметтер және басқа да арнайы органдардың, Теректі ауданының тіршілігін қамтамасыз етуге жауап беретін ұйымдардың көлігін қоспағанда, кез келген көліктің қозғалысы сағат түнгі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін шектеледі.

 

Карантин кезінде ұжымдық, отбасылық туған күн, үйлену тойы, құдалық, тағы басқа барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салынады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын сот шешімімен БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры қызметіне қайта оралғанын жазған болатынбыз.

 




Көрілген: 233    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 02:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31