Болат Назарбаев ауруханаға түсіп қалды

28 қыркүйек 2021, 22:34

Болат Назарбаев Берлиндегі Шарите емханасында жатыр деген ақпарат тарады. Бұл туралы телеграмдағы Чиновник каналы хабарлады деп жазады oinet.kz тілшісі.

 

Канал мәліметінше, Болат Назарбаев өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

 

Жағдайы қалыпты деп бағаланған.

 

Науқасқа бұрын коронавируспен ауырған адамның қан плазмасы құйылған деген ақпарат бар.